Қазақстандағы орман әртүрлілігі нашар басқарудан және бақылаусыз өнім жинаудан қауіп төніп тұрған әлем үшін маңызды генетикалық ресурстарға ие.

Қазіргі уақытта БҰҰДБ-ҒЭҚ жобасында орман тұқымдарының генетикалық банкін құру тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде, ол ex situ әдісімен Қазақстанның орман ағаш және бұта өсімдіктерінің генетикалық қорын сақтау мен тұрақты пайдаланудың кешенді тәсілін көздейді.


Осыған байланысты, бірегей орман генетикалық ресурстарын сақтау саласындағы мамандар мен сарапшылардың біліктілігін дайындауға және арттыруға назар аудару өте маңызды.


2019 жылғы 9-13 желтоқсан аралығында Корея Республикасында
"Орман генетикалық ресурстарын сақтау және генетикалық банктерді құру саласындағы мүмкіндіктерді кеңейту және әлеуетті арттыру" тақырыбында оқу туры өтті. Оқу курсын ұйымдастырушылары: Қазақстанның биосаналуандылығын сақтау Қоры, Қазақстандағы БҰҰДБ, Орман секторындағы ынтымақтастық жөніндегі Азиялық ұйым (AFoCO) және Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.


Осы оқу турының негізгі мақсаты орман шаруашылығы жүйесінің қызметкерлері мен жетекші ғылыми қызметкерлер үшін ex-situ әдісімен орман тұқымдарының генетикалық банктерін, деректер қорын құру, тұқымдарды сақтау және тұқымдық өсіру саласында озық технологияларды қолдану және т. б. арқылы орман ағаш және бұта өсімдіктерінің генетикалық қорын сақтау саласындағы халықаралық тәжірибені зерттеу бойынша таныстыру турын (study tour) ұйымдастыру және өткізу болды.


Қазақстандық делегацияның құрамы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өкілдерінен, Республикалық селекциялық орталық, Іле-Алатау және Сайрам-Өгем ұлттық парктерінен, Жалпы генетика және цитология институтынан және Қазақ орман шаруашылығы институтынан ғалымдар болды.


Кореядағы оқу курсы бағдарламасы аясында турға қатысушылар ұлттық Орман тұқым шаруашылығы орталығына (NFSV) барды, ол өсімдік сорттарын қорғау жүйесін жақсарту және тұқымдар мен көшеттердің өнімділігін арттыру бойынша жұмыс істейді.
Сондай-ақ, турға қатысушылар үшін Ұлттық Арборетум Бекдуджэган (BDNA) және Йонгмун ағаш питомнигіне және NIFOS ғылыми-зерттеу Орман институтына сапар ұйымдастырылды.


Осылайша, тур аясында Кореяның орман дақылдары мен табиғи флораның тұқымдарының генетикалық әртүрлілігін жасау мен сақтаудағы тәжірибесі, орман генетикалық қорын, орман селекциясын зерттеу бойынша ғылыми қолданбалы зерттеулерді қамтамасыз ету мен жүргізудегі тәжірибесі зерттелді.

Айта кетерлігі, осындай оқу турын біздің қор биыл қыркүйек айында ұйымдастырған болатын. Корея Республикасының орман генетикалық ресурстарын сақтау саласында үлкен тәжірибесі бар екенін атап өту қажет. Оқу курсы терең және кең ақпараттық және практикалық алмасудан тұрды. Корея мамандары тұқымдардың генетикалық банкілерін, тұқым қоймаларын, арборетумдарды, орман плантациялары мен питомниктерді құру және жұмыс істеу тәжірибесімен, сондай-ақ орман тұқымдарының сақтандыру қорын құру және орман генетикасы, селекция және тұқым шаруашылығы саласындағы тар мамандандырылған сарапшылардың біліктілігін арттыру тәжірибесімен бөлісті.

Бір сөзбен айтқанда, оқу курсы барлық қатысушылар үшін мазмұнды, танымдық және қызықты, ең бастысы, пайдалы және тиімді болды.