Skip to Content

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ «ФЛАМИНГО-2016» Фестивалінің жабылуы

Астана, 22 қазан 2016 жыл – Оқушылар сарайында «Фламинго-2016» фестивалінің салтанатты жабылу рәсімі өтеді. Фестивальге бастамашылық етуші Қорғалжын ауданы Әкімдігінің көмегімен Қорғалжын қорығы болып табылады. Фестиваль 2016 жылғы 20 қарашадан 22 қарашаға дейінгі аралықта, осымен сегізінші рет өткізілейін деп отыр.
Фестивальдің басты мақсаты – ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Табиғи Мұрасы нысаны – Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының табиғатын сақтау мәселесіне қоғамдастықтың назарын аудару. Бұдан басқа, фестиваль мемлекеттік органдардың, бизнес-құрылымдар мен ҮЕҰ арасындағы қоршаған ортаны сақтау жөніндегі игілікті істегі ынтымақтастықты нығайтуға себепші болады.
Қорық аумағында қызғылт қоқиқаздың солтүстіктің түкпіріндегі ұя салатын жері бар. Бұл - көненің көзі, бұл түр Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Көлде бір мезгілде 10 000 - 14 000 жұп қоқиқаз ұялайды, ал олардың жалпы саны 60 000-ға дейін жетуі мүмкін (әдетте 20-50 мыңдай). Қорғалжынның тұрғындары үшін қоқиқаз ауданның деректеме карточкасы (визит карточкасы) болып табылады, бұл құс – осы өңірдің сұлулығы мен мақтанышы.
Іс-шараның негізгі демеушісі осымен төртінші рет Еуразиялық Топ (ERG) болды. Қазақстанның биологиялық алуантүрлілігін сақтау қоры мен Еуразиялық Топтың бірлескен жобасының аясында бұдан бұрын да қорықтың табиғи кешендерін сақтауға бағытталған іс-шаралар атқарылған: сирек және жойылып кетуге айналған құстар түрінің ұшып келуі мен ұя салуы кезінде олардың суарылуын, демалысын және шөп жеп азықтануын ұйымдастыру үшін суаттарды қайта қалпына келтіру; қазіргі тұщы сулы көлдерді шөп басып кетуден қорғау.
Фестивальдің ұйымдастырушылары, оның Қазақстанда ғана кеңінен танымал, келушілері көп және сүйікті болып қоймай, халықаралық мәртебеге көтерілетініне үміттенеді. Қорық басшылығының, мемлекеттік органдар мен бизнестің бірлескен күшімен фестивальдің ауқымы жылдан жылға кеңеюде. 2015 жылы Қазақстанның 12 өңірінен 500-ден астам жұмыс ұсынылды. Жұмыстардың барлығы елорданың Оқушылар сарайында көркемсурет галереясындағы көрмеге қойылды, онда елорда тұрғындары мен қонақтарының келіп көруіне жағдай жасалды.
Фестивальдің тағы бір бағыты – бұл эко-флешмоб #saveflamingo, ол инстаграмм және фейсбук әлеуметтік желілерінде өткізіледі. 19 қыркүйектен бастап 19 қазанға дейін аталған әлеуметтік желілердің пайдаланушылары өзінің талантын көрсете алады және жаңа смартфондар ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Ең қызықты, біртума 3 фотосурет пен бейнежазба жеңімпаз болып танылады. Эко-флешмоб жеңімпаздарын марапаттау «Фламинго 2016» фестивалінің жабылу рәсімінде жүзеге асырылады.
Ең таңдаулы жұмыстардың фотосуреттері Қор шығаратын 2017 жылға арналған күнпараққа кіргізіледі.
Қосымша ақпарат алу және тіркелу үшін мына мекенжай бойынша хабарласуға болады:
Гүлмира Бекхожина, «Қазақстанның биологиялық алуантүрлілігін сақтау қоры» КҚ,
010000, Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 12/1, ВП-22-2, 3 қабат,
Тел.: +7 (7172) 25 07 61; +7 701 528 76 10, E-mail: admin@fsbk.kz
Қазақстанның биологиялық алуантүрлілігін сақтау қоры туралы
«Қазақстанның биологиялық алуантүрлілігін сақтау қоры» Корпоративтік қоры Қазақстанның үкіметтік емес экологиялық ұйымдарымен 04.10.2007 жылы құрылған. Қор Қазақстанның биологиялық алуантүрлілігін сақтауға бағытталған гранттық жобаларды кейіннен қаржыландыру үшін қаражат тарту мақсатында құрылған.
Қызмет ету кезеңі ішінде Қормен 2,5 млн. АҚШ долларынан астам сомаға 48 гранттық жоба қаржыландырылды. Қор жыл сайын табиғат пен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі түрлі іс-шараларды өткізеді. Балалар мен жасөспірімдерді қоршаған ортаға ұқыпты қарау, табиғатты аялау рухында тәрбиелеуге бағытталған жобаларға ерекше көңіл бөлінеді.

*****

Еуразиялық топ туралы
Eurasian Resources Group (ERG) - өндіру, қайта өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында кәсіпорындары толық біріктірілген дүние жүзіндегі әртараптандырылған табиғи ресурстарды өңдеу жөніндегі ең ірі компаниялардың бірі.
Еуразиялық Топ Қазақстан Республикасының аумағында ERG-дің келесі өндірістік активтерін басқаруды жүзеге асырады: «Қазхром» ТҰК» АҚ, «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ (ССКӨБ), «Қазақстан Алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ (ҚЭЗ), «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ (ЕЭК), «Шұбаркөл көмір» АҚ және «ТрансКом» ЖШС – жиынтығында Қазақстан экономикасына маңызды үлес қосатын еліміздің ірі кәсіпорындары.
Қазіргі уақытта Еуразиялық Топ елімізде шамамен 62000 металлургті, кеншілерді, энергетиктер мен көлік қызметкерлерін біріктіреді.
Еуразиялық Топ - Қазақстан Республикасының тау-кен металлургиялық секторының үштен бір бөлігі, Мемлекеттік үдемелі индустриалық-инновациялық даму бағдарламасы көшбасшыларының бірі. Еуразиялық Топ ҮИИД МБ алғашқы бесжылдығы барысында жалпы құны 2,5 млрд. доллар көлемінде 12 инвестициялық жобаларды іске асырды.

*****
Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы («ҚМТҚ» ММ) жануарлар әлемі бай, сирек құстардың, аңдар мен өсімдіктердің түрлері кездесетін бірегей жер болып табылады. 1976 жылы Теңіз-Қорғалжын өзендер жүйесі халықаралық маңызы бар сулы-батпақты Рамсар тізіміне енгізілген. 2000 жылы Теңіз көлі әлемнің бірегей көлдері кіретін «Тірі көлдер» халықаралық жүйесіне енді. 2007 жылы қорық құстарды сақтау үшін ерекше бағалы болып танылатын жерлердің дүниежүзілік желісінің (IBA) бөлігі болды. 2008 жылы қорық ЮНЕСКО-ның әлемдік табиғи мұралары тізіміне енгізілді, ал 2012 жылы ЮНЕСКО-мен екінші рет Қазақстан Республикасындағы алғашқы биосфералық резерват болып танылды.
Бұл көл Азиядағы құстардың ең маңызды сулы-батпақты мекенінің бірі болып табылады. Қорық Астана қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 130 км жерде орналасқан, қорықтық күзет тәртібімен табиғатты қорғау мекемесі мәртебесіне ие және табиғи процестердің дамуын, әдеттегі және бірегей экологиялық жүйелерді, өсімдік пен жануарлар әлемінің биологиялық алуан түрлілігі мен генетикалық ортасын табиғи жағдайда сақтауға және зерттеуге арналған.