Skip to Content

«Қоқиқаз - 2018» республикалық фестивалінің өту ережелері

1. Жалпы ережелер
Бұл ереже «Қоқиқаз - 2018» фестивалінің тәртібін анықтайды. Фестиваль ұйымдастырушылары – «Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қоры», «Қорғалжын экологиялық обсерваториясы» және «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы».
Фестиваль Қорғалжын ауданы әкімшілігімен, Еуразиялық топпен (ERG), «Ақмола облысының туризм басқармасымен», Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігімен серіктестікте өткізіледі.
Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы – Қазақстандағы және шет елдер арасындағы ең танымал қорықтардың бірі. 2008 жылы «Сарыарқа - Солтүстік Қазақстанның даласы мен көлдері» номинациясы бойынша Қорғалжын қорығы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік табиғи мұрасына енгізілген, ал 2012 жылы ЮНЕСКОда Қазақстан Республикасының бірінші биосфералық қорық ретінде танылды.
Табиғи қорықтың ерекшелігін оның бай фаунасы, өсімдіктердің 500-ден астам түрі, 2000 омыртқасыз және омыртқалы жануарлары үшін есептейді. Құстардың арқасында қорық халықаралық таным мен даңққа ие болды.
Фестивальдің символы фламинго құсы кездейсоқ таңдалмаған. Қорық аумағындағы Теңіз көлі қоқиқаздың ТМД елдерінің арасындағы ең солтүстік әрі жалғыз ұялайтын орны болып табылады. Қоқиқаз - Қорғалжын ауданының сұлулығы және мақтанышы, визит карточкасы, қорық эмблемасы осы құстың бейнесі болып табылады.
«Қоқиқаз» фестивалінің жыл сайын өткізілуі, мәдени-экологиялық білім беру іс-шарасының жақсы дәстүріне, Қорғалжын қорығының, жалпы ауданның брендіне айналды.

2. Фестивальдің мақсаты:
 экологиялық мәдениетті дамытуға жәрдемдесу;
 Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығына, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра объектісіне қоғамның назарын тарту;
 Теңіз-Қорғалжын көлдерінің биоалуантүрлілігін сақтау мәселелеріне мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, қайырымдылық халықаралық қорлардың назарын аудару;
 Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметке қоғамдық қатысу;
 Отанға, табиғатқа патриоттық бастамаларды қалыптастыру;
 Мемлекеттік мекемелер, бизнес-құрылымдар мен ҮЕҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайту;
 Дарынды балаларды анықтау және оларды ынталандыру.

3. Шарттар, мерзімі және өткізілетін орны
«Қоқиқаз-2018» республикалық фестивалі 2018 жылдың 3 қыркүйегінен бастап 13 қазанына дейін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өтеді. Бірінші кезең (өтінімдер мен жұмыстар жинағы) 03.09.18 - 03.10.18 кезеңінде өтеді.
Жеңімпаздарды анықтау мен марапаттаудың қорытынды кезеңі 2018 жылдың 13 қазанында Ақмола облысының Қорғалжын ауылында өтеді.

3.1. «Қоқиқаз - 2018» фестивалі аясындағы сайысты өткізу
«Қызғылт қоқиқаз және қорықтың басқа тұрғындары» байқауы 5 номинация бойынша өткізіледі

1. Бейнелеу өнері (суреттер, сызбалар).
Бағалау шарттары: берілген тақырыпқа сәйкестігі; жоспардың ерекшелігі және көркемдік өнімділік деңгейі.
2. Сәндік-қолданбалы өнер (табиғи материалдардан жасалған қолөнер: тастар, гипс, қағаз, кесте, тоқыма, моншақтармен жұмыс, қолданбалы киімдер, киіз және т.б.).
Бағалау шарттары: берілген тақырыпқа сәйкестік, жоспардың ерекшелігі және көркемдік өнімділік деңгейі.
3. Қысқаметражды фильм (компьютерлік графика, бейнелер, анимациялар және т.б.) ұзақтығы 60 секундтан аспау қажет.
Бағалау шарттары: тақырыпты ашу, ақпараттарды көрермендерге жеткізу деңгейі; шығармашылық дизайнның ерекшелігі; өнімділік және шеберлігі; берілген тақырыпқа сәйкес келуі.
4. Фотосурет (18х24-тен 30х40 см-ге дейін (барлығы 5 дана фотосурет) түсті және ақ-қара фотосуреттер сериясы.
5. Экологиялық ертегі (көлемі - А-4 форматындағы 1 парақтан артық емес).

Сайыс қатысушылары
1. «Қоқиқаз - 2018» фестивалі сайысының номинацияларында 9 жастан 18 жасқа дейінгі қатысушылар қатыса алады.
2. Сайысқа жеке және ұжымдық жұмыстар ұсынылуы мүмкін.
3. Қалаған адамдар бірнеше номинацияға қатыса алады.
4. Әрбір қатысушыдан немесе ұжымнан әр номинация бойынша бірден көп жұмыс қабылданбайды.
5. Қатысу үшін өтінімдер мен жұмыстар 2018 жылдың 3 қазанына дейін қабылданады.

Жұмыс мазмұны
1. Шығармашылық жұмыстары арқылы қатысушылар табиғатты қорғау мәселесіне өз көзқарастарын білдіреді. 1, 2, 3 номинациялар бойынша жұмыстар Қорғалжын қорығына тән ландшафтарды, жануарлар мен өсімдіктерді бейнелеу қажет.
2. Шығармашылық сайыста жас суретшілердің тақырыпты жеткізу өнері бағаланады. Суреттер форматы A-4-ден кем емес, өнер туындысының толық дизайны құпталады.
3. Қолөнершілер жұмыстары жаңа ағаш бұтақтары, құстар қауырсындары мен жануарлар тұлыптарын қоспағанда, кез келген табиғи материалдарын қолдана алады.
4. Сайысқа ұсынылған жұмыстармен қоса оларды сипаттайтын ақпарат, пайдаланылған материалдар және т.б. мәліметтер беріледі.
5. Қысқаметражды фильмдердің ұзақтығы 60 секундтан аспауы керек. Жұмыс барлық шарттарға сәйкес болып, аяқталған фильм ретінде ұсынылуы керек.
6. Фотосуреттер тақырыпқа сәйкес келуі керек және 5 фотосуреттен тұратын серия ұсынылуы қажет.
7. Ертегі қоршаған ортаны, табиғатты қорғау мәселелері қозғайтын, туған жер туралы хабардар етуге жәрдемдесетiн қысқаша әңгімелеу болып табылады. Автордың өз қолымен жазылған А-4 форматындағы парақшаны, компьютерлік теруді, ертегі мазмұнын ашу үшін компьютер көмегімен жасалған жұмыстарды да құптаймыз.
8. Жұмыстың таңбалануы: 1, 2 номинациялар жұмыстарында (туындының аты анық көрсетілу керек (компьютерлік теру болуы қажет), қатысушының толық аты-жөні , туған күні, үй мекен-жайы, телефон нөмірі, облыс, аудан, ауыл атауы, мектеп мекен жайы) алдыңғы оң жақ бұрышында жапсырмалар мықтап бекітілу қажет. 3,4,5 номинациялар жұмыстарын, туындының атауын, қатысушының толық аты-жөнін, туған күнін, үй мекенжайын, телефон нөмірін, аймақтың, ауданның, ауылдың атауын, мектеп мекенжайын жазып, «Қоқиқаз - 2018» тақырыбын белгілеп kanafina.moldir@gmail.com электрондық поштасына жіберу керек.

Сайыстық жұмыстарды қабылдау тәртібі
1. Шығармашылық жұмыстар 2018 жылдың 3 қазанына дейін қабылданады: Ақмола облысы, Қорғалжын а., Р. Мадина көшесі, 20, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы кеңсесі, экологиялық білім беру бөлімі (2-қабат), ҮЕҰ «Родник» (1-ші қабат). Анықтама телефондары: 8 (702) 999 19 96; 8 (71637) 2-18-02.
Жұмыстарды қабылдау тәртібі: 1, 2 номинация жұмыстарын үш ракурстан фотоға түсіріп, kanafina.moldir@gmail.com электрондық поштасына жіберу қажет. Жұмыстарды тиісті тақырыптары, іріктеу шарттары және жұмыс сапасы бойынша таңдайды. Екінші кезеңге өткен жұмыстарды қатысушылар пошта көмегімен Ақмола обл., Қорғалжын а., Р.Мадина көшесі, 20, офис Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы, экологиялық білім беру бөлімі (2-қабат), ҮЕҰ «Родник» (1-ші қабат) жіберу қажет, ал курьерлік қызмет арқылы Астана қаласы, Қонаев көшесу, 12/1, ВП-22 мекен жайы бойынша жіберу қажет .
3, 4, 5 номинация жұмыстары kanafina.moldir@gmail.com электронды поштасына жіберіледі. Ұйымдастыру комитеті екінші кезеңге өткен қатысушыларды электрондық пошта және / немесе телефон қоңырауы арқылы хабардар етеді.
2. Сайысқа 1,2,4,5 номинация бойынша ұсынылған ең үздік жұмыстар Ақмола облысының Қорғалжын ауылында 2018 жылдың 12-15 қазан аралығында өтетін республикалық фестивалінде көрсетіледі. Қатысушылардың жұмыстары қайтарылмайды.
3. Ұйымдастырушылар баспасөзде, интернет-басылымдарда сайысқа ұсынылған жұмыстарды жариялауға, сондай-ақ фестиваль қатысушыларының авторлық құқықтарына сілтеме жасай отырып, көрмелерде, соның ішінде халықаралық деңгейде пайдалануға құқылы.
4. Жұмыстарды бағалау 3 жас санаттарына сәйкес жүргізіледі: 9-11 жас; 12-15 жас; 16-19 жас.

6. Қатысушылардың жол ақысы, орналасуы, фестиваль шығындары
Фестивальдің соңғы кезеңіне баруға ниет білдірген «Қоқиқаз - 2018» фестивалінің қатысушылары жол ақысын, тамақтануын өз қаражаты есебінен немесе жіберуші тараптың есебінен төлейді. Финалист - қатысушылардың Ақмола облысының Қорғалжын ауылына барып келу жол ақысын, тамақтануын, баспанасын Қазақстан Республикасының АҚШ елшілігі мен «Қорғалжын экологиялық обсерватория» өз жауапкершілігіне алады.
Жеңімпаздардың жүлде сыйлықтарын, фестивальдің тақырыбы бойынша жарнамалық өндіруін, диплом, алғыс хаттарын, фестивальдің өткізілетін орнын безендіруін Еуразиялық тобы (ERG), «Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қоры», «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы» ММ, «Ақмола облысы туризм басқармасы» жүзеге асырады.

Марапаттау
«Қоқиқаз - 2018» фестивалінің жеңімпаздары дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады. Демеушілер, басқа да ұйымдар мен жеке тұлғалар фестиваль жеңімпаздарына немесе жеке қатысушыларға өздерінің атынан жүлделер бере алады.
«Қоқиқаз - 2018» фестивалін үйлестіру үшін «Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қоры», «Қорғалжын экологиялық обсерваториясы» мен «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы» өкілдерінен ұйымдастыру комитетін құрастырады. Ұйымдастыру комитеті Фестивальдің дайындығы үшін жасалатын барлық жұмыстарды атқарады.
Фестивальдің барлық іс-шараларын кеңінен тарату мақсатында мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарына ұсынылған.
Барлық дайындық жұмыстары 2018 жылдың 10 қазанына дейін жүргізіледі.
Жеңімпаздарды ұйымдастыру комитеті құрған қазылар алқасы анықтайды.
Әр 5 номинация үшін 3 жас санатына сәйкес жеңімпаздарды анықтайды; 9-11 жас; 12-15 жас; 16-19 жас.

Қосымша ақпарат алу үшін Ұйымдастыру комитетіне хабарласыңыз:
Қазақстан Республикасы,
«Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қоры» КҚ
Астана қ.
Қонаев к.,12/1, ВП-22
8(7172) 25-07-61, 87015287610
e – mail: admin@fsbk.kz

Дирекция басшысы
Асылбеков Асылхан Даирович

PR маман
Канафина Мөлдір Ақылқанқызы
8(702)999-1996
e-mail: kanafina.moldir@gmail.com

Қазақстан Республикасы,
Ақмола облысы,
Қорғалжын а., Р.Мадина к., 20
021300
«Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы»
Экологиялық білім беру бөлімі
Ахметова Асия Тимуровна
Люфт Людмила Анатольевна
Кожабекова Гульмира Алибековна
Рысбаева Нурсулу Канжыгалиевна
8(71637) 2-18-02.