2022 жылғы 7 наурызда Азия орман секторындағы ынтымақтастық ұйымының (АФОКО) қолдауымен "Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қоры" корпоративтік қоры Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен "Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы есепке алынбаған ормандарды түгендеу жөніндегі пилоттық жоба және орман шаруашылығы бойынша ақпарат жинауды автоматтандыру" гранттық жобасын іске асыру үшін өзара түсіністік туралы Меморандум жасасты.
Жоба шеңберінде Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы есепке алынбаған ормандарға түгендеу жүргізу, сондай-ақ орман деректерін басқару жөніндегі толық функционалды цифрлық бағдарламаны әзірлеу жоспарлануда.
Қазіргі уақытта Жобаны Басқару Тобы құрылып, бастапқы жобалық іс-шараларды іске асырылуда.
Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы есепке алынбаған ормандарды түгендеу жөніндегі пилоттық жоба және орман шаруашылығы бойынша ақпарат жинауды автоматтандыру
- Толығырақ
- Автор: Нурдаулет Самен
- Категория: Жаңалықтар
- Қаралды: 1523