Тозған жерлерді қалпына келтірудегі шөлейттенумен күрес "тақырыбындағы халықаралық семинар"
Корея Республикасы Орман қызметінің "Қызылорда облысындағы құрғаған Арал теңізінің Фитоорманмелиорациясы" жобасын жүзеге асыру аясында 2019 жылы 21-22 қарашада Арал қаласында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының 80 жылдығына арналған "Тозған жерлерді қалпына келтірудегі шөлейттенумен күрес" тақырыбында халықаралық семинар өтті.
Семинардың ұйымдастырушылары "Қазақстанның биосаналуандылығын сақтау қоры" Корпоративтік Қоры, Қазақстан экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Халықаралық Аралды құтқару қоры, Корея Орман қызметі, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы және БҰҰДБ болды.
Семинардың мақсаты шөлейттенуге және тозған жерлерді қалпына келтіруге қарсы күрес мәселелерінде халықаралық ынтымақтастыққа және тәжірибе алмасуға жәрдемдесу болды.
Семинар жұмысына орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өкілдері ғана емес, сонымен қатар Қазақстан, Түркменстан, Моңғолия, Өзбекстан және Оңтүстік Кореяның ғалымдары мен мамандары қатысты.
Корея университетінің профессоры Yowhan Son "Қызылорда облысындағы Арал теңізінің құрғаған түбінің Фитоорманмелиорациясы" жобасы аясындағы ғылыми қызметі туралы баяндама жасады.
Түркіменстанның қоршаған ортаны және жер ресурстарын қорғау жөніндегі мемлекеттік комитетінің шөл және фаунасы Ұлттық институтының жетекші зерттеушісі Вейсов Сұлтан шөлейттену процестеріне қарсы күрестегі өз елінің тәжірибесімен және тозған жерлер мен сексеуілдерді қалпына келтіру тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, Моңғолия университетінің профессоры Ням Осор Батхуу Моңғолиядағы сексеуіл ормандарын қалпына келтіру және сақтау тәжірибесі туралы айтып берді.
Семинар аясында қатысушылар Барсакелмес қорығының аумағын көгалдандыру бойынша пилоттық жобаға, сондай-ақ Қазалы орман питомнигі қатысты.Сондай-ақ семинарға қатысушылар Аралқұм ауылындағы құмдарды бекіту бойынша БҰҰДБ пилоттық учаскесіне барды.