"Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қоры" корпоративтік қоры, 25 сәуір Ташкент қаласында, "Батыс Тянь-Шаньның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын басқару тиімділігін арттыру, II кезең" қиын жағдайда тұрған экожүйелерді сақтау үшін ынтымақтастық қоры (CEPF) қаржыландыратын жобаны іске асыру шеңберінде, ЮНЕСКО "Батыс Тянь-Шань" дүниежүзілік мұрасының сериялық трансшекаралық объектісінің Өңірлік комитетінің үшінші отырысын өткізді.
Отырысқа қатысты:
- Нұрлан Наурызұлы Қылышбаев - Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы;
- Қырғыз Республикасының Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау Министрлігі жанындағы биоәртүрлілікті сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар департаментінің өкілдері;
- Өзбекстан Республикасының Экология және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік комитеті; және
- CEPF, GIZ, ЮНЕСКО, IUCN, және WWF Орталық Азия халықаралық ұйымдардың өкілдері.
Отырыста "Батыс Тянь-Шань" базасында трансшекаралық биосфералық резерват құру мәселесі талқыланды. Бұл мәселені әр ел аясында қарастыру туралы шешім қабылданды.
26-28 сәуір аралығында Халықаралық табиғатты қорғау одағының қаржылай қолдауымен үш республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтары, атап айтқанда Сайрам-Өгем ұлттық паркі, Ақсу-Жабағылы және Қаратау қорықтары, Сары-Челек биосфералық қорығы, Беш-Арал және Падышаты қорықтары, Өгем-Чаткал биосфералық резерваты және Чаткал биосфералық қорығының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша семинар өткізілді. Семинарлар "аймақтық басқару жоспары", "IUCN Жасыл тізімі", және "Фандрайзинг" атты тақырыптарда өтті. Жалпы семинар ашықтық, достық және ынтымақтастық атмосферасында жемісті өтті.
"Батыс Тянь-Шань" Өңірлік Комитетінің үшінші отырысы
- Толығырақ
- Автор: Нурдаулет Самен
- Категория: Жаңалықтар
- Қаралды: 858